Айгүл Иманбаева ұлы мен келініне және немересіне ерекше той жасап берді
Опубликовано:

Танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен бірге ұлы мен келініне және бір жасқа толған немересіне той жасап берді. Тойда Айгүл Иманбаеваның анасы, бұрынғы және қазіргі енесі қатар тұрып тілек айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Айгүл Иманбаева Instagram желісіндегі парақшасында тойда түсірілген ерекше видеоларды жариялады.
"Ал достар той басталды, керемет кештің куәсі болыңыздар", - деді әнші қандай той екенін нақтыламай.
Той төрінде әншінің ұлы мен келінінің және немересінің есімі жазылып тұрды. Желіде жарияланған кадрлардан тойға актрисаның ет жақындары, әріптестері, достары келгенін байқауға болады.
Тойда Айгүл Иманбаеваның анасы және бұрынғы енесі мен қазіргі енесі қатар тұрып тілек айтты.
Кадрлардың бірінде той тізгінін ұстаған асаба өзі үшін бұл тарихи сәт екенін, бұрын-соңды мұндай той көрмегенін айтып қалды.
Айгүлдің күйеуі тойға келе алмаса да, видеоқоңырау шалып, экран арқылы той иелеріне тілегін айтты.
Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір қалдырған. Бірі қандай той екенін сұраса, кейбірі отбасының қуанышына ортақтасып жатыр.
"Той құтты болсын", "Түсінбей отырмын, не той? Үйлену тойы ма, бір жасы ма", "Той құтты болсын Айеке! Жастар бақытты болсын", "Тойларың құтты болсын, балаларың бақытты болсын", - деп жазған олар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2259870-aigul-imanbaeva-uly-men-kelinine-zhane-nemeresine-erekshe-toi-zhasap-berdi/