jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Алла сақтап қалды": Досымжан Таңатаров жолда оқыс жағдайға тап болған (видео)

    Досымжан Таңатаров
    Досымжан Таңатаров. Фото: Instagram/dossymzhan_tanatarov

    Белгілі әнші Досымжан Таңатаров жолда оқыс жағдайға тап болған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде тасжолда тұрған видеосын жариялаған әншінің айтуынша, жолда келе жатып көлігінің дөңгелегі ұшып кеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

    "Дұғамыз қабыл болған шығар. Алла сақтап қалды, жолда байқап жүріңіздер, дөңгелек болтын жиі тексеріп тұрыңыздар. Жаңарқалық Қуаныш, Абзал інілеріме Алла разы болсын, тез жөндеп жолға салып жіберді", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

    Желі қолданушылары әншінің амандығын тілеп, жолда байқап жүруге шақырған.

    "Алла сақтап қалған екен, ғұмырлы болыңыз", "Аман болыңыз!", "Құдай сақтаған екен аға. Жол амандығын берсін!", "Байқап жүріңіздер", "Амандығыңызды тілейміз, жолда сақ болыңыздар", - деп жазған желі оқырмандары.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.