jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "46 жасымда аутизм диагнозын қойды": белгілі актер Азиз Бейшенәлиев ұлы мен өзінің дерті туралы айтты

    Азиз Бейшенәлиев
    Азиз Бейшенәлиев. Кадр видеодан: youtube.com/@balymbetov

    Белгілі актер Азиз Бейшенәлиев отандық журналист Тимур Балымбетовке берген сұқбатында өзінің дерті туралы айтты. Айтуынша, ол 46 жасында алғаш рет аутизм диагнозымен бетпе-бет келген. Оған қоса ұлының да дәл осындай диагнозы барын біліпті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Маған да, ұлыма да бір уақытта бір диагноз қойылды: аутистикалық спектрдегі бұзылыстар. Бұл тұрғыда маған сәл жеңілдеу болды. Себебі өмірімнің біраз бөлігін өткердім. Көптеген адаммен қарым-қатынас жасай алдым. Психиатрияда бұл мимикриялық аутизм деп аталады. Яғни, адамда диагноз бар, бірақ сыртынан қарағанда ол білінбейді. Кәдімгі адамдар секілді көрінеді, бірақ іштей басқаша күй кешеді.

    Диагнозымды 46 жасымда білдім және сол кезде өткен өмірімді саралай отырып, көп нәрсені түсіндім. Кеңес үкіметі кезінде ондай дерттің диагностикасы жасалмаған. Яғни, мен оны білмегенмін. Осылайша мен үшін өмір сүру жеңілдей түсті. Актерлік мамандықты өзіме терапия ретінде бейсаналы түрде таңдаппын. Соны түсіндім. Ал балама сәл қиындау", - дейді актер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.