jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Жаратқанның ерекше сыйы": Айқын Төлепберген сүйінші жаңалығын бөлісті (фото)

    Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепберген
    Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепберген. Фото: instagram.com/aikyn/

    Отандық эстрададағы жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үшінші сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Жаратқанның ерекше сыйы. Жаным Жұлдыз Өмірғалидің аяғы ауыр. Мен тағы да әке атанғалы жатырмын. Бұйырса, бесінші сәбиіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыны ұмытып, кішкентайдың иісімен мас боламыз. Бұл үлкен қуаныш біз үшін, сіздерге де жұғысты болсын.

    Айтпақшы, көп балалы әкеге қандай жеңілдіктер бар мемлекетімізден? Тегін жол жүру, ақшалай жәрдемақы дегендей", - деп жазған әнші.

    Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа ақ тілектерін жаудырып, ізгі тілектерін арнады.

    "Жаным сол. Бізге де жұғысты болсын!", "Жұлдыз өте ақылды қыз. Бақытты болыңдар!", "Көп балалы әкелер тойда тегін қызмет етеді енді", "Екеуі де әдемі, бақытты болыңдар. Алла өзі жар болсын", - деп жазды олар.

    "Жаратқанның ерекше сыйы": Айқын Төлепберген сүйінші жаңалығын бөлісті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.