jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Бұл күн көңіл төрінде ұзақ сақталады": Төреғали Төреәлі отбасындағы ерекше сәттің видеосын бөлісті (видео)

    Төреғали Төреәлі отбасымен және продюсері Жан Мұқановпен
    Төреғали Төреәлі отбасымен және продюсері Жан Мұқановпен. Фото: instagram.com/toregalitoreali/

    Белгілі әнші Төреғали Төреәлі кенше ұлы Төреахметтің тұсауын кестірді. Бүлдіршіннің тұсауын әншінің продюсері Жан Мұқанов кесті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында жазды.

    "Төреахметтің тұсаукесері! Кеше біз Толқын екеуміз кенже ұлымыз Төреахметтің тұсаукесер рәсімін өткіздік. Бұл — әрбір қазақ отбасы үшін ерекше маңызға ие салт, ал біздің отбасымыз үшін тіпті де жүрекке жақын. Төреахмет 5 шілдеде 1 жасқа толды. Осы күннен-ақ оның тұсауын туған ағам, ұстазым әрі продюсерім Жан Мұқанов кессе екен деген тілек болатын.

    Алайда 7 шілде күні Жан ағамның өз отбасылық іс-шарасы өтіп жатты. Сол себепті ол өзі ұсынғандай, тұсаукесерді сол шараның аясында өткізуге шешім қабылдадық. Барлығы ойлағаннан да жақсы өтті. Шын жүректен шыққан ниет, ағайынның ақ батасы мен жылы ықыласы — бәрі де ерекше сезілді.

    Қасымызда болып, қуанышымызды бөліскен барша жанға алғыс білдіремін! Әсіресе, аяулы әпкем Тамара Асарға жүрекжарды рахмет! Алла куә — бұл күн көңіліміздің төрінде ұзақ сақталады. Қуанышымызды бөлісіп, ақ тілектеріңізді арнасаңыздар, қуана қабыл аламыз", - деп жазды әнші.

    "Бұл күн көңіл төрінде ұзақ сақталады": Төреғали Төреәлі отбасындағы ерекше сәттің видеосын бөлісті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.