jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Екі жас бақытты болсын": Димаш Құдайбергеннің отбасы құдалық тойын жасады

    Раушан Құдайберген күйеужігітімен
    Раушан Құдайберген күйеужігітімен. Фото: instagram.com/aigan_zholdasova/

    Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің отбасы қызы Раушанның құдалық тойын жасады. Биыл сәуірде оған сүйгені сырға салған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Отбасындағы қуанышты жаңалықты Димаштың қарындасы желіде жариялаған.

    "Үлкендерден бата алу тойынан естелік суреттер", - деп жазды Раушан Құдайберген.

    Бата алу тойында қалыңдық пен оның жақындары бірдей түстегі көйлек киіп, ерекше образ таңдаған.

    Желі қолданушылары әншінің қарындасының қуанышына ортақтасып, жылы сөздерін аяған жоқ.

    "Бақытты бол, Раушантай. Жүзіңнен күлкі кетпесін", "Раушантайдың жолы болсын! Ермахан екеуі бақыттың құшағына бөленсін! Махаббаттары мәңгілік болсын! Фаридаға жұғысты болсын, әумин", "Махаббаттары баянды, үбірлі-шүбірлі отбасы болсын", "Тойыңыз құтты болсын! Бірге сапарыңыз махаббатқа, сенімге және ұмытылмас сәттерге толы болсын. Әрбір қадам сізді жақындастыра берсін және сіздің сүйіспеншілігіңіз тек күшейе берсін. Сіздің махаббатыңыз әрқашан осы күндегідей жарқырай берсін. Тойыңыз құтты болсын!", - деп жазған желі қолданушылары.

    "Екі жас бақытты болсын": Димаш Құдайбергеннің отбасы құдалық тойын жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.