jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Бақытты бол, қарлығашым": Димаш Құдайберген ұзатылған қарындасына қимастық сезімін жаңа әнімен білдірді

    Раушан және Димаш Құдайберген
    Раушан және Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/raushan_kudaibergen

    Әнші Димаш Құдайберген қарындасының ұзату тойында жаңа әнін шырқады. Ол ұзатылып бара жатқан қарындасы Раушанға "Қарлығашым ұя салғанда" атты әнін арнады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында қарындасы Раушанның ұзату тойында түсірілген кадрларды жариялап, оған жүрегінен шыққан ақ тілегін жазып қалдырды.

    "Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету" дейді қазақ халқы. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қарындасты өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен. Дегенмен теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын!

    Раушантайыма Мансұр ініммен бірге, "Қарлығашым, ұя салғанда…" атты әнімді ақжүрек тілегіміз ретінде қабыл алғайсың! Жүректегі сағыныш пен қимастықты осы әннің өн-бойынан көрсеткіміз келді.

    Бақытты бол, қарлығашым менің! Көкесінің жүрегі", - деп жазды әнші.

    Айта кетейік, кеше белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің отбасы қызы Раушанның құдалық тойын жасады. Биыл сәуірде оған сүйгені сырға салған болатын.

    "Бақытты бол, қарлығашым": Димаш Құдайберген ұзатылған қарындасына қимастық сезімін жаңа әнімен білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.