jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Үш жылда үш бала": Төреғали Төрәлінің қарындасы тағы бір перзент сүйетінін сүйіншіледі (видео)

    Дина Төреәлі
    Дина Төреәлі. Фото: Instagram/tattti_kyz

    Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төрәлінің кенже қарындасы желіде оқырманына сүйінші жаңалығын жариялады. Белгілі болғандай, Дина Төрәлі үшінші сәбиін күтіп жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жұбайымен бірге Instagram желісіне жүктеген видеосында Динаның жүкті екенін аңғаруға болады.

    "Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұрғаны. Бақыт үш есе артты. Шүкір!", - деп жазды блогер.

    Желі қолданушылары бұл жаңалықты таңдана да қуана қабылдап, жүрекжарды тілектерін қалдырған.

    "Үш жылда үш бала туып, үйінде отырған жоқ. Дамып та, қыдырып та, туып та үлгеріп жатыр. Алла денсаулық берсін! Аман-есен балапанын бауырына алсын", Оң болсын", "Тіл-көзден аман болсын", " Құтты болсын, сұлу келіншек. Алла қолдап, 9 ай 9 күн көтеріп, толғағың жеңіл болып, аман-есен бауырыңа ал", - деп жазды олар желіде.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкелгенін хабарлағанбыз.

    "Үш жылда үш бала": Төреғали Төрәлінің қарындасы тағы бір перзент сүйетінін сүйіншіледі (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.