Мөлдір Мұқанованың сұқбатынан кейін Тұрсынбек Қабатов пікір білдірді
Опубликовано:
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанованың сұқбатынан кейін отбасына қатысты кейбір жайттарға түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тұрсынбек Қабатов Instagram желісінде стористе пікір білдірді.
"Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін және балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін", - деп жазылған стористе.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқанова жеке өмірі туралы журналист Жанар Байсемізге сұқбат берді. Сұқбатта ол Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқанын растаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2304348-moldir-muqanovanyng-suqbatynan-keiin-tursynbek-qabatov-pikir-bildirdi/