jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Абай Бегейдің әйелі аяғы ауыр екенін айтып, қуанышты жаңалықты бөлісті (видео)

    Абай Бегей жарымен бірге
    Абай Бегей жарымен бірге. Фото: fari___za____zhan

    Отандық танымал әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова желі парақшасында сүйінші жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фариза Жұманова Instagram-дағы парақшасында күйеуі Абай Бегейден аяғы ауыр екенін аңдататын видео жария етті.

    "+1 Абайұлы немесе Абайқызы", - деп жазды Жұманова видео сипаттамасына.

    Видеодан құрсақтағы баланың УДД суретін, сондай-ақ әнші Абай Бегей жарына бір құшақ гүл мен ұялы телефон тарту еткенін көруге болады.

    Жазбаны көрген желі қолданушылары оларға құттықтауларын жаудырды.

    "Ата болып та, әке болып та үлгеріп жатыр, Абай мырза", "Аман-есен босанып алсын! Жағдайлары бар, Аллаға шүкір, жас қой әлі, Алла беріп жатса, неге тумасқа", "Керемет! Құтты болсын!", - деп жазды желі қолданушылары.

    Айта кетсек, бұл әншінің отбасындағы жалғыз қуанышты жаңалық емес. Жұманова бір апта бұрын ғана желі парақшасында жиен немересін алғаш көрген сәтінен видеоны бөліскен болатын.

    "Жиен немеремізді алғаш көрген сәтіміз. Көзден аққан жас қуаныштың, таза махаббаттың, перзент бақытының жасы. Тақсыр есіктен кірер сәтте қатты қобалжып "Симбиімнің өзі бөпем ғой, Ана атанып жатыр ма" деп сене алмай біраз тұрды", - деп жазған еді Жұбанова видео сипаттамасында.

    Еске салсақ, әншінің бүгінде жеті баласы бар. Кенже баласы 2023 жылғы мамырда дүние есігін ашқан болатын.

    Абай Бегейдің әйелі аяғы ауыр екенін айтып, қуанышты жаңалықты бөлісті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.