"Бес баланың әкесімін": Айқын Төлепберген отбасындағы қуанышты жаңалықты хабарлады
Опубликовано:
Танымал әншілер Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің отбасы тағы бір жанмен толықты. Сүйінші жаңалықты әнші Айқынның өзі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін, 2025 жылғы 1 желтоқсанда Нұртан Ару Айқынқызы дүниеге келді. Жұлдызыма үлкен алғыс. Мен сені жақсы көремін", - деп жазды Айқын Төлепберген Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ әнші енді бес баланың (екі ұл, үш қыз) әкесі екенін атап өтті.
Желі қолданушылары жұлдыз жұпқа ақ тілектерін жаудырып, ізгі тілектерін жазып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үшінші сәбиін күтіп жүргенін жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2315292-bes-balanyng-akesimin-aiqyn-tolepbergen-otbasyndagy-quanyshty-zhangalyqty-habarlady/