jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Әнші Ғаділбек Жаңай ұстаздарға кимешек кигізуді ұсынды

    : UGC

    Танымал әнші Ғаділбек Жанай әлеуметтік желідегі парақшасында қолданушылар арасында сауалнама жүргізді. Отандық шоу-бизнес өкілі қазақстандық ұстаздарға кимешек кигізуді ұсынды деп жазады

    Sputnik Қазақстанға

    сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Sputnik / Анатолий Устиненко
    Sputnik / Анатолий Устиненко: UGC

    Әнші парақшасында бірнеше күннен бері желіде қызу талқыға түскен суретпен бөлісті. Аталған суретте кимешек киіп отырған бойжеткен бой көрсеткен. Көпшілік аруды мектептегі ұстаз деп топшылады.

    Желі қолданушыларының бірі ұстаздарға кимешек жарасады десе, екіншілері мұның жұмысқа ыңғайыссыз екенін айтты. Әнші жүктеген суреттің үстінде мынадай жазба юолған:

    "Біздің мұғалімдер осылай киініп оқушыларға білім үйретсе, берген ілімі де баланың бойына жұғымдырақ болар ма еді?"

    Әншінің ұйымдастырған сауалнамасына желі қолданушыларының жауабы да дайын болды. Олар өзінің пікірлерін белсенді түрде білдіріп жатты.

    "Оқитын бала киімге қарамайды"
    "Мына киім өте ыңғайыссыз. Отыз бала отырған сынып ыстық болады. Мұғалім су терге түседі ғой", "Күннің ыстығында сіздерге кигізіп көру керек"
    "Әдемі, ұнайды. Солай болса екен деймін"
    "Мәселе киімде емес, білім сапасында"
    "Кимешек кигенге дұрыс қараймын"
    "Болашақ балаларымыз тәрбиелі, өнегелі, салауатты болар еді"
    "Тамаша болар еді. Жарайсыз" деп жазды желі қолданушылары. Арасында ұлдар мен қыздарды бөліп оқытуды ұсынғандар да болды", - деп өз пікірін білдірді оқырмандар.
    Әнші Ғаділбек Жаңай ұстаздарға кимешек кигізуді ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.