jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жүрегім белгі берер": Медеу Арынбаевтың екінші рет үйленетіні рас па

    : Instagram

    Отандық танымал әнші Медеу Арынбаев екінші мәрте отау құру мәселесін көтерді. Осыдан он жыл бұрын келіншегі қайтыс болған өнер иесі бүгінде екі баласын бір өзі тәрбиелеп отыр. Эстрада жұлдызы тағы да үйленуге қарсы емес екенін айтып, болашақ жарына қояр талаптарын тізіп шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Медеу Арынбаев сүйіктісінің сырт келбеті өз үшін аса маңызды екенін алға тартты. Әнші әсіресе, қыз-келіншектердің салмағы жіті мән беретінін жеткізді.

    "Алла тағала өзі кездестірер. Жүрекке қалау жүрмейді. Жүрегім өзі белгі берер. Өзіммен келбеті жарасымды болу керек шығар. Салмағы менен екі есе артық болмау қажет шығар. Менің марқұм жұбайым Айгүл сондай еді. Мен әуестенетін қыз-келіншектер жоқ емес, бар. Бірақ, олар болмайды" , - деп қысқа қайырды өнер иесі.

    Айта кетейік, бұған дейін Медеу Арынбаев Төреғали Төреәліні әнші деп санамайтынын айтып, қоғамда шу тудырған болатын. Өнер иесінің бұл пікірі желіде де қызу талқыланып, кең таралды.

    Оған қоса, әртіс өзіне қандай арулар ұнайтынын жасырмай айтты. Ол үшін ғашығының қыпша белді болуы шарт болып шықты.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Жүрегім белгі берер": Медеу Арынбаевтың екінші рет үйленетіні рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.