jitsu gif
Шоубиз

    Актриса Гүлназ Жоланованың ұзатылғаны рас па (фото)

    Мадина Сәдуақасова мен Гүлназ Жоланова
    Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Желіде актриса Гүлназ Жоланованың басына ақ орамал тартып түскен суреттері тарап кетті. Мадина Сәдуақасова өнердегі сіңлісін ұзатқанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасованың Instagram парақшасында жариялаған суреті елдің қызу талқысын тудырды.

    Фотода өнер иесінің актриса Гүлназ Жолановамен отырғанын көруге болады. Киножұлдыз басына ақ орамал тартып алған. Оған қоса, Сәдуақасова аталмыш суреттің астына өнердегі сіңлісін ұзатқанын жазып қойған.

    Желі қолданушылары бұл жаңалыққа сеніп, бірден Жолановаға өз ақ тілектерін жаудырды.

    "Бақытты болсын. Өте тамаша актриса" , "Бағы ашылсын. Құтты болсын" , "Керемет жаңалық. Гүлназ бақытты бол. Сен оған лайықсың" , "Жолдасы кім екен?" , "Таңдауы кімге түсті екен" , "Жақсы жар, аяулы ана атануыңа тілектеспіз", "Бұл қыздың тұрмыс құрғанын екі жыл бұрын естіген едім. Түсінбей жатырмын" , "Ақ орамал қалай жарасады. Отбасылық өмірің де осы орамалдай әппақ болсын" , "Барған жеріңізді бақытты етіңіз" , - деп өз құттықтауын білдірді қалың көпшілік.

    Алайда, Мадина Сәдуақасова бөліскен видеодан кейін Жоланованың шын мәнінде ұзатылмағаны белгілі болды. Актриса тек сахналық қойылым кезінде қалыңдықтың рөлін сомдаған болып шықты.

    Дегенмен желідегілер өнер иесіне жұғысты болып, көп ұзамай отбасын құруын тіледі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.