jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Көңілім босап тұр": Мақпал Жүнісованың ашуына тиген фильмдегі актриса әншіден кешірім сұрады

    Мақпал Жүнісованың рөліндегі актриса. Фото
    Мақпал Жүнісованың рөліндегі актриса. Фото: instagram.com/malika.kaldarbek/

    Атышулы "Ирина Қайратовна" тобының "Отыздан асып барамын" атты фильмінде халық әртісі Мақпал Жүнісованың рөлінде ойнаған актриса Малика Қалдарбек әншіден кешірім сұрады. Ол фильм авторлары әншіден рұқсат алмағанын білмедім, деп ағынан жарылды.

    Жуырда отандық "Ирина Қайратовна" тобы "Отыздан асып барамын" деп аталатын туындысын елге ұсынған болатын. Аталған фильм оқырмандардың көңілінен шығып, оған көптеген желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

    Алайда халық әртісі Мақпал Жүнісова фильм авторларына өз наразылығын білдірді. Оған себеп - фильмдегі Мақпал Жүнісованың рөліне түскен актриса да, фильмді түсірушілер де өнер иесіне бұл туралы мүлдем ескертпеген екен. Халық әртісі наразылығын өзінің Instagram желісінде жеткізген.

    Бұл жайтқа қатысты актриса Малика Қалдарбек те үнсіз қалмады. Ол желідегі парақшасында жазба арнап, әншіден кешірім сұрады. Айтуынша, болған оқиға оның көңіліне қатты тиген.

    Актриса халық әртісінен инстаграмдағы парақшасы арқылы кешірім сұрады.

    "Мақпал Жүнісова қазақтың ерке қызы. Ол ән әлемінде өз орнын ойып тұрып алған тұлға. Ол кісінің ренжігенін естіп көңілім босап тұр. Мен білмедім, керісінше қазақтың бір туар қызының рөлін берді деп қуанып едім және актрисалық мәнсабымның ең үлкен белестерінің бірі деп қабылдадым. Сіздің хабарыңыздың жоқ екенін білмедім.
    Сіздің айтқаныңызға келісемін, айыпқа бұйырмаңыз. Бірақ сіздің образыңызды қолымнан келгенше сомдап шығуға тырыстым. Сізге деген құрметім шексіз. Бір ауыз алдыңыздан өтпегенім үшін кешірім сұраймын. Бұл менің жастығым болар", — деп жазды Малика Қалдарбек.

    "Көңілім босап тұр": Мақпал Жүнісованың ашуына тиген фильмдегі актриса әншіден кешірім сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.