jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Енді ғана ес жинадым": Бағлан Әбдірайымов елдегі тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірді

    Бағлан Әбдірайымов
    Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

    "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов елімізде орын алған тәртіпсіздіктерді аса ауыр қабылдағанын жасырмады. Өнер иесі тіпті лаңкестердің қалаға жасаған шабуылынан кейін енді ғана есін жинап жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағлан Әбдірайымов қаңтардағы қырғыннан кейін қандай әсерде болғанын өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Әнші ел басына туған мұндай қаралы күндерде қаза болған барша батырлардың жақындарына қайғыра көңіл айтты.

    Сонымен қатар, өнер иесі болашақта мемлекетімізде мұндай жағдайлар қайталанбаса екен деп тіледі.

    "Қаңтардағы қырғыннан енді ес жиғандай секілдімін. Бұл қырғында қара ниетті лаңкестер Алматының аңшылық дүкендерінен 1347 қару-жарақты тонап, кездейсоқ кетіп бара жатқан адамдарды атты. Көліктерін тартып алды. Көлік бермегенің көлігін өртеп, өзімен лас іске ермегенін өлтірді. Құдай сақтасын! Бұндай заман да көрдік. Сыйлас інімізден, достығымыз жарасқан бауырдан айрылдық. Жаңалықтан қара жамылған қаншама отбасын оқып отырмыз, қиын.
    Ресми ақпарат бойыншы қайтыс болған 225 жан екен. Аз емес. Оның 175-і медициналық ұйымдарда қайтыс болыпты. Қаза тапқандардың басым көпшілігі қарақшылар мен лаңкестер, сондай-ақ олардың қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар. Өкінішті! Қаза болған бейбіт тұрғындар мен әскери міндетін атқарған марқұмдардың жаны жүмақта шалқысын! Отан үшін жанын бергендер! Жақындарының қайғысына ортақпын! Бұндай сұмдық енді болмаса екен. Тәуелсіз қазақ елінің болашағы жарқын болсын! Аман болыңыздар, оқырмандар", - деп жазды ол.

    "Енді ғана ес жинадым": Бағлан Әбдірайымов елдегі тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.