jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Туған қарындастарыма арнап шығардым": Әнші Бағлан Әбдірайымов сүйікті әні туралы айтты

    Бағлан Әбдірайымов
    Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

    "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымовтың туған қарындастарына арнап шығарған "Бағала" әні бүгінде қыз ұзату тойларында жиі айтылады. Әншінің өнердегі әпкелері әнді ұзатуларда орындап, тыңдармандарын қуантып жүр. Осыған қатысты пікір білдірген әнші өзі де осы әнімен қыз ұзатудан кетәрі емес екенін жазған.

    Әбдірайымов бұл туралы Instagram парақшасында жеткізді.

    "Бұл ән - жеке шығармашылығымдағы паспорт әнім. Туған қарындастарыма арналған ән. Қанша рет сұраса да, айтпадым. Тек тілек орнына әнді орындап жүрмін. Енді, Қарақат жеңгем ұзатуға орындап жүр екен, мейлі орындасын. Қызғанышым оянып, менде қыз ұзатсам ба деп отырмын. Қыз ұзатуға кімді таңдар едіңіз?", - деп жазды әнші.

    Алайда артынан өнер иесі қалжындағанын айтты.

    Айта кетерлігі, Әбдіраймовпен бірге "Жігіттер" квартетінде өнер көрсететін Айдар Тұрғамбек бүгінде қыздарды ұзатып жүр. Эстрада жұлдызы бұл әрекеті үшін халық арасында көп сыналған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.