jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қарсы келмейтін, орамал тағатын": Жас әнші Садраддин қандай қыз іздеп жүргенін айтты

    Садраддин
    Фото: YouTube/ҚЫЗЫҚ LIVE

    Жастар арасында танымал әнші Садраддин "Қызық Live" бағдарламасына сұхбат беріп, өзіне қатысты сауалдарға жауап берді. Жас әншінің айтуынша, қазіргі таңда оның сүйіктісі жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бағдарлама барысында әнші көптеген сауалдарға жауап берді. Ол қандай жандарды идеал көретінін, адаммен дұрыс амандасудың маңызын, әндерін неге орыс тілінде жазатынын баяндады. Айтуынша, жас әнші қарапайымдылықты жаны сүйеді. Сондықтан, тәкаппар, сәлемді дұрыс алмайтын кісілерді ұнатпайтынын айтып қалды.

    Шоу жүргізушілерінің "сүйген жаның бар ма?" деген сұрағына әнші:

    "Қыз жоқ. Іздеп жатырмын. Анама қамқор болатын, үйдің тірліктеріне көмектесетін, орамал тағатын, шайын беретін, қарсы келмейтін қыз керек", - деп жауап берді.

    Садраддин жасы қырықтан асса да, 18 жастағы жұбайы бар ер адамдарға қатты қызығатынын, болашақта өзі де сондай болғысы келетінін жеткізді.

    Бағдарламаның толық нұсқасы:

    "Қарсы келмейтін, орамал тағатын": Жас әнші Садраддин қандай қыз іздеп жүргенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.