jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Артықтау болды": Түсіпбаева Мақпал Жүнісованы сынға алған Зейнеп Ахметоваға жауап берді

    Меруерт Түсіпбаева
    Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

    Әнші Меруерт Түсіпбаева Мақпал Жүнісованы сынға алған Зейнеп Ахметоваға жауап берді. Бауыржан Момышұлының келіні "халықтың ерке қызына" жанды дауыста ән айтпайды деп шүйліккен еді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ғаламтор кеңістігінде Зейнеп Ахметованың Мақпал Жүнісованы сынап жатқан видеосы тарап, елдің қызу талқысына түсті. Видеода ол әртістің үнемі фонограмма қолданатынына наразылығын білдірген.

    Алайда Ахметованың бұл пікірімен Меруерт Түсіпбаева мүлдем келіспейтін болып шықты. Эстрада жұлдызы өнердегі әпкесінің әрдайым тек жанды дауыста ән салатынын жеткізді.

    Ол үндеуін Instagram парақшасында жариялаған.

    "Аса құрметті, Зейнеп әпке! "Адамның басы - Алланың добы" деген сөз бар. Әр пенденің өмірі өзі қалағандай болса, өзі армандағандай болса, пенде құдайын ұмытары сөзсіз. Маңдайға жазылған тағдыр деген болады, Зейнеп әпке.

    Сізге ақыл айтуым мүмкін емес, маңдайыма Бауыржан атамыздай батырдың келіні болу жазылмағандықтан. Дегенменмектепте оқып жүргенімде Мақпал әпкемнің жатақханадағы мекен-жайын тауып, қолым дірілдеп, 18 рет жазып, 17 рет ол хатты жыртқан, өнеріне табынатын бір қазақтың қызы ретінде сізге жауап берейінші.

    Айып етпеңіз, алдын-ала кешірім сұраймын сізден. Өз басым әріптес болғалы Мақпал Жүнісованың фонограммамен ән айтқанын естімеппін (ТВ-түсірілім кезінде болмаса). Көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған, танымал тұлғаға бұлай айтқаныңыз артықтау болды деп ойлаймын", - деп жазды Түсіпбаева.

    "Артықтау болды": Түсіпбаева Мақпал Жүнісованы сынға алған Зейнеп Ахметоваға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.