jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бір нәрсе әпер деп сұрамаппын": Жазира Байырбекова үйленерде мәһр сұрау туралы айтты

    Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова
    Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

    Әнші Жазира Байырбекова бүгінде қоғамда қызу талқыланып жатқан "мәһр сыйлығына" қатысты өз пікірін білдірді. Өнер иесі өзі күйеуінен ештеңе сұрамағанын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жазира Байырбекова қазіргі жастар арасында кеңінен тараған тақырыпты Instagram желісінде қозғады. Эстрада жұлдызы "мәһр сыйлығын" сұрамағанын айтып, бұл жайында көпшіліктің пікірін білмек болды.

    "Күйеуінен "мәhр" сұрамағандар не істейміз? "Мәhр" сұрағандар мен сұрамағандардың пікірлері қалай екен?! Өзім жоқшылықта да,баршылықта да бір нәрсе әпер деп сұрамаппын. Осы үшін үйленбей,осы үшін ренжісіп қалмай ма екен жастар. Әлде ер азаматтың еңбектенуіне, ізденуіне түрткі бола ма", - деп жазды әртіс.

    Желі қолданушылары мәһр сұрау мәселесін қызу талқылап, өз пікірлерін бөлісті. Бірі оның еш қажеті жоқ десе, енді бірі керісінше оны талап ететіндерін айтты.

    "Бір нәрсе әпер деп сұрамаппын": Жазира Байырбекова үйленерде мәһр сұрау туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.