jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    2 млн оқырманы бар әнші желіде неге ешкімге тіркелмейтінін түсіндірді (видео)

    Садраддин
    Садраддин. Фото: instagram.com/sadraddinn

    Хит әндерімен танылған жас әнші Садраддиннің әлеуметтік желіде 2 млн оқырманы бар. Алайда өнер иесінің өзі неліктен ешкімге желіде достық ұсынбайтынын түсіндірді. Ол бұл құпиясымен "Түнгі студия" бағдарламасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев жас әншіден "Instagram желісінде 2 млн оқырманы бар. Бірақ неге ешкімге тіркелмегенсің?" деп сұрайды.

    Садраддиннің айтуынша, ол қазір әлеуметтік желіні қолдануды азайтқан.

    "Қазіргі уақытта әлеуметтік желіні қолданбаймын. Instagram парақшасын бұрын жүргізетінмін. Екі жылдай тоқтамай парақшамды жүргіздім. Кейін белгілі бір межеге жеткесін, әлеуметтік желіге қызықпай қалдым", - деді Садраддин.

    Сондай-ақ әнші өзінің жасын көпшіліктен жасыратын себебін де айтты.

    Оның айтуынша, әр адамның құпиясы болу керек.

    "Мен бәрін көрсетіп тастағанмын, отбасымды", - деді әнші.

    2 млн оқырманы бар әнші желіде неге ешкімге тіркелмейтінін түсіндірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.