jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жасандылық басып кеткен": Абдуллинмен бірге суретке түскен Маржан Арапбаеваны оқырмандар сынға алды

    Нұрболат Абдуллин мен Маржан Арапбаева
    Нұрболат Абдуллин мен Маржан Арапбаева. Фото: instagram/arapbayevamarzhan

    Маржан Арапбаева мен Нұрболат Абдуллиннің бірге түскен суреті желіде қызу талқыланды. Желі қолданушылары әншінің сырт келбетінде өзгерістерге ерекше мән берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Танымал әнші Наурыз мерекесін Павлодар қаласында қарсы алып, жергілікті халық алдында концерт берген. Онымен бірге ән шырқағандар қатарында Нұрболат Абдуллин де бар.

    Кейін Арапбаева Абдуллинмен бірге түскен суретін желіге жариялады.

    "Павлодар қаласында Наурыз мерекесін қарсы алудамыз! Ертіс-баян өңіріне мың рахмет! Күн де, халық та шуағын шашып қарсы алғандарына басымды идім! Ақ мол болсын!", - деп жазды Маржан Арапбаева.

    Осы орайда, желі қолданушылары әншінің сымбатына ерекше көңіл бөліп, пікірлер қалдырды.

    "Бұрынғы түріңіз әдемі еді, жасандылық басып кеткен", "Табиғи болмысыңыз жақсы еді ғой", "Гурченкоға ұқсап қалыпты", "Бұл жаңа дуэт пе?", - деп жазды желі қолданушылары.

    "Жасандылық басып кеткен": Абдуллинмен бірге суретке түскен Маржан Арапбаеваны оқырмандар сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.