jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрлан имам TikTok желісінен қанша табыс тапқанын айтты

    Нұрлан имам
    Нұрлан имам. Скриншот: "Қызық премия" бағдарламасы

    Танымал имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлы көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танылды. Имам "Алғашқы" бағдарламасында TikTok желісінен табатын табысы жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Менің TikTok желісіне келуіме ұлым әсер етті. Алғаш видео түсіргенде қатты ұялдым, қысылдым. Өзім басқа бір бөлмеге кетіп қалып түсірдім.

    Енді бастапқыда қиын болды. Себебі, 1-1,5 сағаттап уағыз айтып жүрген адаммын. Бір минут видеоға нені сыйғызамын, не айтып үлгеремін? Барлық әңгімені бір минутқа сыйғызу өте қиын болды. Бірнеше мәрте видео түсірдім.

    Менің эфиріме 7 мыңнан аса адам қосылады. Ал сен ондай адамды мешітте жинай алмайсың. Мешіттің мінберімен, әлеуметтік желінің мінбері бірдей болып кетті. Бастысы уағызымды айтып, жастарға дұрыс жол сілтеп отырмын. Енді монетизацияға келер болсақ, осы 2 жылдың ішінде 800 доллар түсіпті. Бірақ оны елдің ішінде нақты ақшаға аударып бермейді екен. Бірақ сондай ақша тұрғанын көрдім", - деді Нұрлан имам.

    Айта кетейік, осыған дейін Нұрлан имам әйелімен қалай танысқанын баяндап берген болатын.

    Нұрлан имам TikTok желісінен қанша табыс тапқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.