jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Билікке бағынышты болдым": Ринат Зайытов депутат атанғалы өзін көп нәрседен шектейтінін мойындады

    Ринат Зайытов сұхбат барысында
    Ринат Зайытов. Фото: youtube/QASQAJOL

    Айтыскер ақын Ринат Зайытов депутат атанғалы бері билікке бағынышты болғанын мойындады. Бұл туралы ол Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Әрине, бағыныштылық пайда болады. Қазір көп нәрсеге өзіңді өзің шектейсің, көп нәрсеге өзіңді өзің тежейсің.

    "Айтылған сөз атылған оқ" дейді ғой. Бұрын кез келген сөзді айтасың, былай айтқанда, оғың атылады. Оғың нысанаға тиер-тимес жолда біреуге тие ме, жанап өте ме, ойламайсың.

    Ал депутат мемлекеттік қызмет болған соң, әрбір сөзіңді аңдап айтасың.

    Айтыскер ақындығым әуелі Алладан, кейін халықтан келген мандат. Сондықтан одан жоғары, одан биік мәртебе мен үшін болған емес, болмайды да", - деді Ринат Зайытов.

    Айта кетелік, мәжілісмен Зайытов еліміздегі мектептерде орыс әдебиетін тереңдетіп оқытуға қарсы шығып, әлем әдебиетіне назар аудару керектігін айтқан болатын.

    "Билікке бағынышты болдым": Ринат Зайытов депутат атанғалы өзін көп нәрседен шектейтінін мойындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.