jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Композитор Арман Қайназаров қаза тапты: күдікті қамауға алынды

    Арман Қайназаров
    Арман Қайназаров. Скриншот: Almaz K/Youtube

    Алматыда отандық композитор Арман Қайназаров қайтыс болды. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген күдіктінің ұсталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әлеуметтік желіде Арман Қайназаровтың қайтыс болғаны жайлы ақпарат тараған болатын.

    Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне музыканттың қайтыс болғанын растады.

    "Аталған факті Алатау аудандық полиция бөліміне Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Осы қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Басқа да мән-жайлар анықталуда", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

    Естеріңізге сала кетейік, танымал ақын, эстрада жұлдыздарының әндеріне сөз жазған Арман Қайназаров биылғы жылдың маусымында көше кезіп жүрген жерінен табылған болатын.

    Кейінірек композитордың туған інісі ағасының неліктен мұндай күйге түскенін айтып берген болатын.

    "Қолымыздан келгенше көмектестік. Әлде де көмектескіміз келеді. Бірақ ішімдікке қатты салынып кеткендіктен, кейбір кезде достарына кетіп қалады. Бұл енді өмірдің сынағы ғой. Бір адам тез алып кетеді. Бір адам ұзағырақ жүреді деген сияқты", - деген болатын композитордың інісі Алмас Қайназаров.

    Композитор Арман Қайназаров қаза тапты: күдікті қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.