jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "ҰБТ-да пәтерімізге қатысты сұрақ болған": Роза Рымбаеваның он бөлмелі үйі болғаны рас па

    Роза Рымбаева мен Әли Оқапов
    Видеодан кадр: Youtube/НТК

    Қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде анасының пәтеріне қатысты сұрақ болғанын еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әли Оқапов Instagram желісінде ұлымен өзі өскен ауданда серуендеп жүрген видеосын жариялап, бұрынғы үйіне қатысты қызықты жағдайды бөлісті.

    Әншінің айтуынша, Ұлттық бірыңғай тестілеуде "Роза Рымбаеваның пәтеріне" қатысты сұрақ болған. Тестілеуде көрсетілген жауапқа сәйкес әртістің он бөлмелі үйі болыпты-мыс.

    "Балам екеуіміз мен өскен ауданда серуендеп жүрміз. Республика алаңы, Байсейітова көшесі, 40/1, 13-пәтер. Үй телефоны 63-28-76. Біз төртінші қабатта тұрдық, пәтер ауданы 74 шаршы метр болатын. Кейбір ҰБТ сынақтарында Рымбаеваның пәтері, дәлірек айтсақ, бөлмелер саны туралы сұрақ болғанын естідім. Дұрыс жауабы – 10 бөлме екен. Біріншіден, бұл ақпараттың Қазақстан Республикасының тарихы үшін қандай құндылығы бар?

    Екіншіден, ол қайдан шыққан? Неге адамның мүлкі туралы жеке (жалған) ақпарат осылай таратылады?! Әрине авторларға қояр сұрақ көп, бірақ бұл бос сөз ғой. Шыңғысхан жылқысының тістері туралы да естігенмін. Жалпы, керемет аудан еді. Көшіп кеткеннен кейін де мені бұл жермен көп нәрсе байланыстырды. Мен Сәлемдікпін, алматылықтар түсінеді. Бірақ ол туралы естеліктеріме басқа жазба арнаймын", – деп жазды Әли.

    "ҰБТ-да пәтерімізге қатысты сұрақ болған": Роза Рымбаеваның он бөлмелі үйі болғаны рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.