jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Күйеуге тиме": Нұржан Керменбаев жаңа әнін сынаған көпшілікке жауап берді (видео)

    Нұржан Керменбаев
    Нұржан Керменбаев. Фото: instagram.com/nurzhan_kermenbayev

    Әнші Нұржан Керменбаев жақында көпшілікке жаңа ән ұсынды. Өнер иесі аталмыш әннің сөзін сынаған тыңдармандарына Instagram желісіндегі парақшасында жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Керменбаевтың Qazaqsha disco әнінің қайырмасында "Күйеуге тиме! Күйеуге тиме! Дей ме, біреулер әлде?" деген жолдар бар.

    Әншінің айтуынша, желі қолданушыларының арасында әннің қайырмасын түсінбей, сынағандар болған.

    Нұржан Керменбаев жаңа туындысына сын айтқан оқырмандарына жауап қатып, әннің қайырмасын түсіндіріп берді.

    "Қыздар, күйеуге шығыңдар. Отбасы құрыңыздар! Жалпы қыз баланың басты мақсатының бірі сол деп ойлаймын. Біз "күйеуге тиме" деген насихат айтпадық.

    Автордың бейнелеуі бойынша, жігіт қызға сөз салады. Ал қыз арманымен, қиялымен екі ойлы болып тұрады. Осы кезде жігіт қыздан "Біреу саған күйеуге шықпа деп жүр ме? Құрбыларың, жақындарың тұрмысқа шықпа деп айтады ма?" деп сұрайды. Оны сіздер басқаша бұрмалап алыпсыздар. Негізі біздің айтқымыз келгені мүлде басқа. Сіздердің бұрмалап алғандарыңыз мүлде бөлек", - деді Нұржан Керменбаев.

    "Күйеуге тиме": Нұржан Керменбаев жаңа әнін сынаған көпшілікке жауап берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.