jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Оранбаса, жәннат иісін аңсамасын": Алтынай Жорабаеваның келіні хиджаб шешкендерге қатысты ойын айтты

    Талғат және Аяулым Жорабаевтар
    Талғат және Аяулым Жорабаевтар. Фото: instagram.com/ ayauka_zhorabayeva

    Отандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаеваның келіні Аяулым Жорабаева хиджабын шешіп тастағандар жайлы ойын айтты. Талғат Жорабаевтың жұбайы дінге қатысты пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    Аяулым Жорабаева орамал мәселесіне қатысты әңгімені өз оқиғасынан бастады.

    "Алланың қалауымен хиджабқа (орану) келгеніме 9 жыл болыпты. Толық дайын болып келдім деп ойлаймын. Өйткені тұрмысқа шыққанда күйеуіме "болашақта орамал тағамын" деп айтқанмын. Оған қызумен келгенім жоқ, қанша жыл дайындалдым. Бес-ақ минутта тағып кеттім, өйткені бір сөз қатты ауыр тиді.

    Күйеуім жұма намазынан келіп, "Жан, орамалыңды таға берші, бүгін бір уағыз тыңдадым" деді. 2015 жыл. Сөздері әлі есімде. "Әйел адам намаз оқып жүріп, оразасын ұстап жүріп, Қасиетті Құрандағы орану туралы аятты біліп тұрып оранбаса, жәннаттың өзін емес, иісін де аңсамасын" деген сөз жүрегіме инедей қадалды. Күйеуім де сол күні естігенде мен үшін қатты уайымдаған. Сол мезетте дайындап қойған орамалымды тағып шықтым", - деді Аяулым Жорабаева.

    Блогердің айтуынша, орану ойыншық емес, оны өзге жанға тықпалау да дұрыс емес.

    "Мен қанша жыл орамалда болсам да, өзгелерге "киіңдер, бүйтіңдер" деп айтқан емеспін. Діни ештеңе айтпадым. Өйткені діни білім алған ұстаз емеспін. Орамалға әр әйел өз қалауымен әрі Алла разылығы үшін келу керек. Алладан басқа, өзгенің разылығы үшін тақсаң, ол тәжіңнен айырылып қалуың мүмкін.

    Ешкімді сынауға да құқым жоқ, алда өзімді не күтіп тұрғаны бір Аллаға белгілі. Хиджаб аудармасы: хи-ки, джаб-жап. Яғни, жабыну, орану деген сөз. Мен киіңдер деп жатқаным жоқ. Өзге айтты немесе өзге киіп жүр деп орана салу қате. Оған Алла разылығы үшін екенін шын жүрекпен түсінгенде келу керек", - деді эстрада жұлдызының келіні.

    Осы тұста Аяулым Жорабаева орамал шешкен қыздарды сынамайтынын да түртіп өтті.

    "Орамалды шешкен қыздарды сынамаймын, тек әуреттерін ашып кеткеніне жүрегім ауырады. Қимаймын. Бұл мәртебеге жете алмай жүрген қанша жан бар", - деп түйіндеді ол.

    "Оранбаса, жәннат иісін аңсамасын": Алтынай Жорабаеваның келіні хиджаб шешкендерге қатысты ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.