jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Ұлттық киімді қорламаңдар": киіз үй ішінде ашық образда билеген жастар ел ашуын тудырды (видео)

    Бишілер
    Бишілер. Видеодан кадр: Instagram/thenewcrush

    Әлеуметтік желіде киіз үйдің ішінде билеген жастардың видеосы тарап, ел наразылығын тудырды. Қалың көпшілік ашық образдағы бишілердің әрекетіне шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желіні шулатқан видео Instagram-дағы бірқатар пабликтерде жарияланған. Бейнежазбада қазақи стильде киініп алған жастардың киіз үйдің ішінде заманауи би билеп жатқанын көруге болады.

    Видеода бір ұл мен екі қыз бой көрсеткен. Олардың биі бірден оқырмандардың сынына ұшырады. Қалың көпшілік ашық образдағы жастардың биін тым ерсі санап, оларға наразылығын білдірді.

    "Не түсірсе оны түсірсін бірақ қамзолды шешіп, киіз үйден шығып түсірсе жақсы болар еді", "Қазақтардың абыройын қор қылмай-ақ қойса болады ғой", "Қазақ халқымызда осындай қыздардың барына жаным ашиды. Ешқандай ар-ұят, намыс сияқты қасиет көрінбейді", "Ұлттық киімді қорлағаны үшін айыппұл салу керек", "Не істесеңіздерде өз еріктеріңіз! Бірақ, киіз үй мен ұлттық киімді қорламаңыздар", "Мына би қате болды. Өте ерсі", "Сөзім жоқ. Бұларды қолдап жатқандарға да айтарым жоқ", "Басқа билейтін жер табылмай қалды ма", - деп жазуда оқырмандар.

    "Ұлттық киімді қорламаңдар": киіз үй ішінде ашық образда билеген жастар ел ашуын тудырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.