jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Қортық болып қалатынмын": Әли Оқапов Аружан Жазылбекова екеуі туралы қызықты оқиғаны айтты

    Әли Оқапов пен Аружан Жазылбекова
    Әли Оқапов пен Аружан Жазылбекова. Фото: Instagram/aliokapov

    Әли Оқапов өзінің ең алғашқы әндерінің бірі болып саналатын "Кездесу" өлеңінің жаңа нұсқасын жарыққа шығарды. Өнер иесі аталмыш туындының бейнебаяны кезінен мұрағаттық суреттерді жариялап, Аружан Жазылбекова екеуіне қатысты қызықты оқиғаны айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әли Оқапов "Кездесу" әнінің бейнебаянына Аружан Жазылбекованы қалай таңдағанын айтты.

    "12 жыл бұрын осы ән менің ең алғашқы қадамдарымның бірі болды. Әннен бөлек, бейнебаян да ерекше естелік болды. Актрисаны таңдаған кезде, жәй ғана Youtube желісінде "Актрисы Казахстана" деп тердік, сол кездегі бүкіл жас актрисалармен бір бағдарлама шықты. Бағдарлама біткенде режиссер менен "кімге хабарласамыз?" деп сұрады. Мен "Жүргізушіге" дедім. Сол бағдарламаны Аружан Жазылбекова жүргізді. Ақыры бейнебаянның бас кейіпкері болды", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

    Сонымен қатар Оқапов түсірілім алаңында Аружан Жазылбекованың алдында ыңғайсыз жағдайға қалғанын айтты.

    "Біз кадрда бірге тұрғанда, Аружан биік өкшесін шешуге мәжбүр болды. Өйткені табиғи бойымыз бірдей. Ал ол биік өкшемен тұрғанда мен қортық боп қалатынмын қасында. 12 жыл өтіп, осы әнді қайта өңдеп, дауысын жазып, жаңа нұсқасын ұсынып отырмын", - деп еске алды өнер иесі.

    "Қортық болып қалатынмын": Әли Оқапов Аружан Жазылбекова екеуі туралы қызықты оқиғаны айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.