Шоубиз

Зектілері

"Әкесіз бала толыққанды болып өспейді": Әуелбекова жалғызбасты аналар туралы айтты

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова сұхбат беруде
Мөлдір Әуелбекова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Medina Style

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде жалғызбасты аналарға қолдау білдіріп, әкесіз өскен балалар туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. жазады.

Мөлдір Әуелбекова әкесіз балалар толыққанды болып өспейді деген пікірмен мүлдем келіспейтінін жеткізді.

"Жалған сенімдер. Иә, біздің санамызда жалған сенімдер өте көп. Соның бірі "Әкесіз бала толыққанды болып өспейді!" дейді. Өседі, өскенде қандай керемет бала болып өседі. Ол үшін, жалғызбасты аналар, осы жалған сенімді саналарыңыздан алып тастаңыздар! Сіз жалғыз өсіріп отырған жоқсыз.

Сізде, балаңызға тағдыр беретін, ең басты қолдаушыңыз Алла бар. Балаға махаббат сездіретін ата-ана, бауыр т.б. жақындарыңыз бар. Есесіне, күмәніңіз болмасын, сіз өте керемет анасыз! Осыны естен шығармаңыз! Балаларымыз аман есен жанымызда болсын! Құшақтадым", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова орамалы үшін бірқатар жобаға қатыса алмай жүргенін ашып айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2159055-akesiz-bala-tolyqqandy-bolyp-ospeidi-auelbekova-zhalgazbasty-analar-turala-aitty/