jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Аударма жасап алсын": Ерке Есмахан өзін қазақша сөйлегені үшін сынаған оқырманына шүйлікті

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде қазақша сөйлегені үшін оқырманынан сөз естіп қалды. Өнер иесі өзін сынға алған желі қолданушысына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен сөзге келіп қалды. Желі қолданушыларының бірі әншіні орысша жазбағаны үшін сынап тастаған.

    Оқырманының бұл наразылығы өнер иесінің ашуын тудырған. Ол өзіне тіл тигізген жанға жауап беріп, желіде азулы жазба жариялады.

    "Осыны жазып тұрған сіздің тегіңіз Жырғалбекова екен. Неге “сіздің тіліңіз” деп тұрсыз?! Қазақ тілі сіздің тіліңіз емес пе?! Мен қазақпын. Қазақша сөйлеймін, жазамын. Түсінбегендер аударма жасап алсын. Қазақша сөйлеу мен үшін – сән. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте", - деген жазба қалдырды Ерке Есмахан.

    Ерке Есмаханның Stories-i
    Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

    "Аударма жасап алсын": Ерке Есмахан өзін қазақша сөйлегені үшін сынаған оқырманына шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.