jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Өзімді үйдегілерге дәлелдеуге тырыстым": Балжан Бидаш желіде жан сырын ақтарды

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

    Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде әсерлі жазба жариялап, оқырмандарына жан сырын ақтарды. Өнер иесі осыған дейін өзін ата-анасы мен жақындарына дәлелдеуге тырысқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаш бала күнінен бері жанұясы өзімен мақтанса екен деп, барынша шапшаң болуға тырысқанын жеткізді. Әнші ару өзін жақындарына дәлелдеу үшін барын салғанын жасырмады.

    "Кейде бір жетістікке жету үшін біреуге өзіңді дәлелдеу, мотивация береді. Осы жазьаны көріп ата-анам "Ей жаным!" деп отқан болар. Өйткені әрқашан өзімді үйдегілерге жан-жақты дәлелдеуге тырыстым. Түпкі мақсатым отбасым менімен мақтанғаны болды. Екі ағамнан кейінгі жалғыз қыз, кішісі болған соң ба ең шапшаң, ең пысықтауы болдым.

    Бәріміз жақсы өмір сүргенді қалаймыз сондықтан адал табысыммен өмірден қалағанымды алғым келеді. Тек қана өнерде жүрмей бизнес түрлерін де көрдім. Бойымда кәсіптік бар екен. Тағдыр өзі айналдырып бизнеске әкелуде. Жылдар бұрын екі рет киім дүкенін қызығушылық ретінде ашып, саудада тәжірибе жинадым", - деп жазды өнер иесі Instagram-дағы парақшасында.

    "Өзімді үйдегілерге дәлелдеуге тырыстым": Балжан Бидаш желіде жан сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.