Жаңа жыл мерекесіне орай елімізде маймылдың саудасы қызып тұр (фото)
Жарияланған күні:
Жыл санау күнтізбесіне орай келер 2016 жаңа жыл маймыл жылы болғандықтан қазақстандықтар үйлерінде осы жануарды өсіруге үлкен ықылас білдіріп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Сұраныс бар жерде ұсыныс бар демекші ЗОО дүкендер халықтың қалауын қанағаттандыру үшін алыс-жақын шет елден мешіннің түр-түрін әкеліп, сатылымға шығаруда. Тіпті, елге ертерек әкелінген маймылдардың да бағасы бірден 2 есеге дейін қымбаттап кеткен. Малайзиядан макаканың түр-түрін тасымалдайтын Нина Иванованың сөзінше, дағдарысқа қарамастан жаңа жылды маймылмен қарсы алушылардың қарасы көп.
«3 ай бұрын Малайзиядан 25 маймыл әкелгенмін. Содан тек «Игрунка» деп аталатын біреуі ғана қалды. Қалғанын осы желтоқсан айында- ақ сатып жібердім. Дәл осылай саудаланады деп күтпеген едік. Тапсырыс та қаптап түсіп жатыр. Бірақ жаңа жылға орай шекара жабылатындықтан маймылдың келесі легін 2016 жылдың қаңтарында әкелеміз», - дейді кәсіпкер.
Маймыл сатып алушылардың басым көпшілігі Алматы мен Шымкент тұрғындары көрінеді. Олар балаларын қуантып, мерекені күнтізбе бойынша қарсы алу үшін барын аямайтын байлар.
Нина Ивановнаның айтуынша, ең арзан маймыл «құртақандай Игрунка» -1600 доллардан басталса, «Лапундер» -2500, «Явандық макака» -2800, «беларусстық қызыл мешіннің құны» - 5000 доллардан асып түседі. Аталған бағаға маймылдық қара басы мен оны бағып күту туралы ақыл кеңес қана кіреді екен. Қазақстандықтар жан-жануарға үлкен ықыласпен қарайды деген ол әзірге тауарын кері қайтарғандарын кездестірмегенін айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1001833-zhanha-zhylgha-merekesine-oray-elimizde-m/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.