Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде азық-түлік бағасы рекордтық көрсеткішке жетті (фото)

Опубликовано:

Отандық экономистер 3-4 балалы отбасы жаңа жылдық орташа деңгейдегі дастархан жаю үшін кемі 40 000 теңге кетеді деп есептеген еді. Бұл былтырғы бағамен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Аталған цифрдың қаншалықты рас екенін көзбен көру үшін NUR.KZ тілшілері Алматы базарларын аралап, ондағы шетелдік және елімізде өндірілетін азық-түліктің бағасын назарларыңызға ұсынады.

1. Ет дегенде бет бар ма демекші қазақтың басты асы саналатын еттің бағасы расымен де 40 пайызға дейін көтерілген. Оның ішінде жылқы етінің 1 келісі яғни, жұмсақ қазы мен жая 2500 теңгеден жоғары тұрады. Күзде 1 кг қазы-1800 теңге төңірегінде саудаланған болатын. Ал, сиыр мен қой еттері 1500-1700 теңгеден. Тауық еттерінің 1 келісі шығарушы кәсіпорынға байланысты  900-1100 теңгенің арасында.

2. Бағасы қатты шарықтаған тағамның көш басында жұмыртқа тұр. 1 дана фабрика тұқымы -45 теңге болса, үйде өсірілген тауықтың жұмыртқасы көлеміне қарай 60-70 теңге.

3. Ірімшіктің шетелден әкелінетін және отандық өндірушілер шығаратын түрлері де  500 -1000 теңгеге қымбаттаған. Ең арзан ірімшік-2500 теңгеден басталады.

4. Жаңа жылдық дастарханды жеміс-жидексіз елестету қиын әрине. Алайда Алматының апорты 400-500 теңгеден, Ташкенттің жүзімі -1200 теңге, апельсин түріне байланысты 600-1000 теңгеге, мандариннің келісі -550-750, бананың 1 данасы -120, ананастың  1 данасы  -1000 теңгеден саудалануда.

5. Көкөністің түр-түрі сөреде самсап тұрғанымен қаулаған сатып алушыны көре алмадық. Оған себеп, қиярдың 1 келісі -1200 теңге, қызанақ -1500 теңге, түрлі-түсті бұрыштар -1000 теңгеден жоғары тұрады. Саудагерлердің сөзінше құны шарықтаған көкдатты қазір қарапайым халықтың қалтасы көтермейді. Сауданы тек байлар мен қымбат мейрамханалар ғана ұстап тұрған көрінеді.

6. Ал, кептірілген жемістер орналасқан сауда алаңы бос десеңізде болады. Жаңғақ пен мейіздің түр-түрі алыстан мен мұндалап тұрғанмен, сатып алушылардың қарасы жоқ. Себебі, өздеріңіз көріп отырғандай кептірілген жемістер мен дәнектердің келісі 5400-7500 теңге аралығында. Бұрыңғыдай келілеп алатын тұтынушы болмайтындықтан мұнда баға грмаммға көрсетілген.

7. Әлеуметтік тағамдар жағыныңда жетісіп тұрғаны шамалы. 1 литр сұйық май – 470, күріштың 1 кг – 380, қант -280 теңгеден. Аталған тауарлар 2 -3 ай бұрын 30-40 пайызға арзан болған.

Саудагерлер бұрыңғыдай бағаны азық-түлікке жапсырып қоймайды. Себебі, баға күн сайын өзгереді дейді. Сондықтан да олар бір тауардың аптаның 7 күнінде 7 түрлі болып келетінен әбден шаршаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1003410-elimizde-azyq-tulik-baghasy-rekordtyq/

pixel