RU

Оралда кәмелетке толмаған екі жезөкше ұсталды

Оралда полицейлер екі кәмелетке толмаған жезөкшені қолға түсірді. Жеткіншектер 16-17 жаста болып шықты. Олардың бірі "ұятты кәсіпке" 12 жасынан бастап кіріскен.

Бұл туралы «Уральская неделяға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Кәмелетке толмаған "түнгі көбелектер" өткен жылдың 30 желтоқсанында ұсталды. Екеуі Деповская көшесіндегі «Деповская» моншасының маңында құрықталған.

«Жеткіншектердің жасы 16-17-де. Олардың бірі Жанғалы ауданынан. Айтуынша, жаздан бері жезөкшелікпен айналысып келеді. Отбасы толық болмаса да, жағдайы жақсы. Екіншісі - өте тұйық қыз. Жезөкшелікке 12 жасынан бет бұрған. Біз оны ұзақ ұстай алмай келдік. Оны түнгі өмірден алшақтату үшін арнайы мектепке бермекшіміз», — дейді қала прокурорының бас көмекшісі Алмагүл Исмағұлова.

Бүгінде екі қыз да Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1005928-oralda-eki-kameletke-tolmaghan-zhezoksh/