RU

Қазақстандық саясаткерлер Жаңа жылды қалай тойлады?

Қазақстандық саясаткерлер де Жаңа жылда көпшілікке өз құттықтауларын жеткізіп, мейрамды қалаған жерінде өткізді. NUR.KZ порталы Caravan.kz-ке сілтеме жасап отандық саясаткерлердің Жаңа жылды қалай және қайда тойлағанын назарларыңызға ұсынады.

Ғани Қасымов, парламент сенатының экс-депутаты

Ғани Есенгелдіұлы Жаңа жылды отбасымен мұхит жағалауында өткізген.

Экс-депутаттың Instagram парақшасынан немересі оған экзотикалық кешкі ас сыйлағанын көруге болады.

Бұдан бөлек Қасымов немересінен сыйлыққа аңшылыққа арналған бас киім алған.

Бақыт Сыздықова, Ұлттық паралимпиадалық комитеттің вице-президенті, экс-депутат

Бақыт Сыздықова 2016 жылды Таиландта қарсы алды.

Ол Таиландта жүріп «шыршаның иісі мен жаңажылдық көңіл-күйді сағынғанын» алға тартты. Себебі Таиландта Жаңа жылды сәуірде тойлатады.

Алмас Тұртаев, парламент мәжілісінің депутаты

Алмас Тұртаев Жаңа жылды мейрамханада қарсы алған сияқты. Ол өз Instagram парақшасында құттықтау сөздерін жазып, мейрамханада отырған фотосын жүктеген.

Сонымен қатар мәжілісмен өзінің қазақстандық тақырыпта сәнделген жаңа сағатымен мақтанды.

Мұрат Әбенов, Білім беру экс-вице-министрі, «Ұлттық «Өрлеу» біліктілікті көтеру орталығы» директорлар кеңесінің төрағасы

Мұрат Әбенов Жаңа жылды достарымен және отбасымен қарсы алған.

Ол қызылордалық туыстарынан сыйлыққа бірнеше айға жетерлік дағдарысқа қарсы ет пен күріш алған.

Талғат Ерғалиев, парламент мәжілісінің депутаты

Талғат Файзуллаұлы 2016 жылды Ақмоланың Елікті тау-шаңғы базасында қарсы алған.

Ол Facebook желісіндегі жазылушыларын мерекемен құттықтап, спорттық фотоларын назарға салды.

Caravan.kz-тен аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1006315-qazaqstandyq-sayasatkerler-zhanha-zhyld/