Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық БАҚ қазақтарға өзбектерден үлгі алуға кеңес берді

Опубликовано:

Namys.kz порталы үлкенге ізет көрсетуді ұмытып, қартайғанда ата-анасын тастап кетіп жатқан қазақстандықтарға өзбектердің махалла тәрбиесінен үлгі алуға шақырды.

"Кеңес тұсында да өзбектің өзбектігін сақтаған, ұлттық қалпын жоймаған осы маххалла екенін" түсінген автор көршілес өзбек ұлтынан бізге алатын үлгі көп екенін алға тартады.

Сәби кезінен үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақсақалды құрметтеуді өзбек баласы осы ортадан үйренеді. Осы қауымда қалыптасқан ислами шариғатты бойына сіңіріп, кәміл мұсылмандықты санаға тоқиды.

Ата-ананы құрметтемеу, қартайғанда тастап кету дегеніңіз – өзбек баласының   ойы түгіл, түсіне кірмейтін сұмдық. Өйткені, махалла тәрбиесі әке-шешені шексіз сүюге үндейді. Сондай-ақ, отбасылық құндылықтардың не екенін өзбек ұл-қызы есейгенше-ақ ұғып қояды. Ес тоқтатқаннан әке-шешесiнiң өзара қарым-қатынасын бойына сiңiретiн бала өсе келе сол тәрбие-тәртiптi өз шаңырағында жалғастырады.

Өздерiн ер – азаматтан бiр саты төмен ұстайтын өзбек қыздары күйеуiн ерекше құрметтеудi анасынан үй­ренедi. Ерiнiң бетiнен алу, дауыс көтерiп “сен” деп сөйлеу, күйеуiнiң атын атап шақыру, ашық-шашық киiну, өзге еркекпен той-томалақта қатар отыру – өзбек әйелдерiне жат дүние. Күйеуiне әркез “сiз” деп тiл қататын олар ешқашан ер-азаматтың алдын кесiп өтпеудi отбасындағы анасынан үйренедi. Осылардың бәрi бұл халықтың шынайы ұлттық болмысы.

Сондай-ақ автор өзбек ағайындарынан білім саласындағы жүйені де негізге алу қажет екенін меңзейді.

Мектеп­тiң бастауыш сыныптарында тек өзбек тiлiнде бiлiм алатын оқу­шылары жоғары сыныпта да ана тiлiнде тереңдетiлiп оқытылатын сабақтарды оқиды. Өзбек елі баланың бiлiм алуы мен тәрбиесiн ғасырларға жал­ғасқан ата салтымен ұштастыруды, халықтық педагогикамен байланыстыруды келешектiң мыз­ғымас iргетасы деп тұжырымдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1007286-otandyq-baq-qazaqtargha-ozbekterden-u/