RU

Ақтөбеде 14 жастағы мектеп оқушысын жақындары мешіттегі заңсыз некеден құтқарып қалды

Ақтөбеде 14 жастағы мектеп оқушысын мешіттегі заңсыз некеден жақындары құтқарып қалды.

Қызының некеге тұрғалы жатқанын анасы оның сынып жетекшісінен естіген деп хабарлайды Times kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

“Дін мәселесі бізді де қатты ойландырып отыр”, - деді жылды қорытындылаған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Майра Үрістембаева.

"Менің тәжірибемде 2013 жылы сот отырысы болды. Онда 14 жастағы мектеп оқушысы 20 жастағы ер адамға тұрмысқа шығуға шақ қалды. Қыз бала үйінен аттап баспаған, ешқандай клубтар мен кафелерге бармаған. Анасы оны барлығынан қорғап келген. Алайда қыз бала әлеуметтік желі арқылы 20 жастағы жігітпен танысқан. Қыз бала анасы жоқ кезде әлгі жігітпен өз үйінде кездесіп отырған. Екеуі жыныстық қатынасқа да түскен. Тергеу мұндай жағдайдың жасөспірімнің үйінде бір емес, екі рет болғанын анықтады", - деп атап өтті Үрістембаева.

Ал мектепте қыз бала өзінің құрбысына болашақ күйеуімен неке тұру үшін мешітке баратынын айтқан.

Құрбысы мұны дереу сынып жетекшісіне айтып, ол бірден қыз баланың анасына болған жайды баяндаған. Олардың барлығы сұмдық жайтты ести сала мешітке жүгіріп, неке рәсімін тоқтатқан.

Сот 20 жастағы ер жігітті кәмелеттік жасқа толмаған қыз баламен жыныстыққа қатынасқа түскені үшін бас бостандығынан айырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1009787-aqtobede-14-zhastaghy-mektep-oqushysyn-mesh/