Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлтанәлі Балғабай: Аралас неке қазақты аздырудың жолы

Опубликовано:

Танымал жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабай еліміздегі аралас некеге қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы Namys.kz сайты жазады.

"Кеңес уақытында аралас некені халықтар достығы немесе интернационализмнің кепілі ретіне насихаттайтын үрдіс қалыптасты. Шын мәнінде бұл ешқандай халықтар достығы немесе интернационализм емес, ары кеткенде, қазақша айтсақ, екі халықтың құдалығы. Интернационализм деген – ол мүлде басқа дүние. Ол – ұлттардың бір-бірінің ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сыйлауы, рухани қиындыққа ұшырса, бір-біріне қол ұшын беруі. Яғни,  интернационализмнан ешкім зиян шекпеуі керек. Ал, аралас некеден әуелі қазақтар зиян шекті. Бірен-сарын ауылдық жердегі қазақтар болмаса, орыстан қатын алған қазақ жігітінің немесе орысқа әйел болған қазақ қызының кейінгі ұрпағы ұлттық ерекшеліктерінен айырылып, тіпті есімдері де орысшаланып толық ассимиляцияға ұшырады. Сөйтіп, қазақтың бір буын ұрпағы аралас некенің арқасында азып жоғалды", - деп жазады автор.

"Осы үрдіс бұдан былай да жалғаса беретін болса және оған өзіміздің орыстанған қазақтар қосылса, осы ғасырдың ортасына таман Қазақстанның біраз облыстары мен аудандарында тілі таза орысша, түрі қазақ пен орыстың аралық типін сақтаған жаңа халық пайда болуы мүмкін. Мұндай жаңа халық адамзаттың даму тарихында қандай қандай өзгеріс, нендей жаңалық әкеледі – ол әзірге жұмбақ. Менің бір білетінім: Югославия мемлекеті бытырамай тұрғанда халық саны 23 млн болды. Оның 5 пайыз халқы, яғни, 1,2 млн адам өздерін сербке де, хорбатқа да, македондықтарға да жатқызбайтын, аралас некеден туғандар өздерін жаңа ұлт жасап, «югаславияндық» деп атады. Сөйтіп, жаңа бір халық пайда болды", - делінген мақалада.

"Осы жерде мына бір мәселені ашып айтқан жөн. Қазір қазақ тілі құлдырап бара жатыр десеңіз, оны намыс көріп, ана тіліміз гүлдену үстінде деп бой бермейтіндер көп кездесетін болды. Сол сияқты, қазақтардың ассимиляцияға ұшырап, басқа халыққа айналып, құрып бара жатқанын аңғармау жақсылыққа апармайды. Егер бір қазаққа шын жанымыз ашитын болса, осы қауіптің алдын алудың жолын іздестірген дұрыс", - деп жазушы өз ойын қорытындылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1011826-sultanali-balghabay-aralas-neke-qazaq/

pixel