Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан әлемдегі аш елдер рейтингінде Өзбекстан мен Тәжікстанды басып озды

Опубликовано:

Сауда-саттық саясатын халықаралық зерттеу институты (ССХЗИ) әлем бойынша ең ашыққан елдер рейтингін құрды. Global Hunger Index рейтингісіне сәйкес, Қазақстанда халықтың 2,5 пайызы күнделікті нанын таппай отыр.

Аш халық саны ең көп ел - Орталықафрикалық республика. Онда тұрғындардың 47.7 пайызы аштыққа ұшыраған. Жағдайы төмен тұрғындар көбіне Чад, Замбия, Шығыс Тимор, Сьерра-Леоне, Гаити, Мадагаскар және Ауғанстанда кезігіп жатады.

Ресейде халықтың 0,7 пайызы аштықтан зардап шегуде. Белоруссияда - 0,8 пайыз, Украинада - 1,2 пайыз. Посткеңестік республикалар ішінде ең нашар көрсеткіш Тәжікстаннан байқалды (33,2 пайыз).

Болгарияда - 9 пайыз, Молдавияда - 12,2 пайыз, Өзбекстанда - 13,3 пайыз, Қырғызстанда - 8 пайыз, ал Түркіменстанда - 32 пайыз тұрғындар аштыққа душар болған. Солтүстік Кореяда халықтың 41 пайызы күнделікті нанын таппай отыр.

Ал Қазақстан әлемдегі аш елдер рейтингінде Өзбекстан мен Тәжікстанды басып озған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1013218-qazaqstan-alemdegi-ashyqqan-elder-rey/