Шпагатқа отырған атадан қалыс қалмаған бойжеткен тойда біз өкшемен өнер көрсетті
Опубликовано:
Қазақ тойы Қазнет қолданушыларын таңырқатуын доғарар емес. Жақында ғана егде жастағы ер кісінің шпагатқа отырып тойда билегені көпшіліктің назарына ілінгені сол еді, енді біз өкшемен билеген ару елдің таңданысын тудырды.
Бойжеткен көйлек кигеніне қарамастан, би соңында шпагатқа отырады.
Еске салсақ бұған дейін қазақ тойында билеп жүріп, шпагатқа отырған ер кісінің видеосы көпшіліктің көңілін көтерген болатын.
Егде жастағы ер кісі қатарластарынан басып озып, Серікбол Сайлаубектің “Ой, жеңге” әніне беріле билеуге кіріседі. Азамат жастарды шаң қаптырып, шпагатқа да отыруды артық санамаған.
Той қонағының биін тамашалаған көпшілік енді бізге де “шпагатқа” отыруды үйрену керек деп жарыса жазған еді.
Шпагатка отырған бойжеткен көпшіліктің бұл дүрлігуіне осылайша жауап қайтармақ болды ма, жоқ әлде біз өкшемен билеп жүріп абайсызда шпагатқа отырды ма, онысы белгісіз.
Пікір қалдырушылар бұл жайт Ақтөбеде болды деп болжап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1015764-shpagatqa-otyrghan-atadan-qalys-qalmagh/