Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда теңіз жағасында орналасқан мыңдаған қонақүй сатылымға шығарылды

Опубликовано:

Түркия отельерлері Эгей және Жерорта теңіздері жағалауларына орналасқан 1,3 мың мейманхананы сатылымға шығарды. Бұл туралы Zaman газеті дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Басылым мұны Ресеймен қарым-қатынастағы дағдарыс пен елде қауіпсіздік ахуалының нашарлап кетуінен деп түсіндіреді.

Осы мейманханалардың жиынтық бағасы шамамен 30 миллиард түрік лирі (10 миллиард доллардан артық) тұрады екен. Олардағы орын саны – 153 мың. Сатуға шығарылғандар арасында Анталья қаласының маңындағы Ресей нарығына лайықтанған мейманханалардың алатын үлес-салмағы бәрінен басым болып шықты. Мұндағы мейманхалар саны 410-ға жуық және олардың төрттен бірі бес жұлдызды болып табылады.

Басылым елдің туристік индустриясы қазір бұрын-соңды болмаған ауыр дағдарысты бастан кешіп жатқанын жазады. Мұның себебін газет Ресеймен арадағы қарым-қатынастың бұзылуымен қатар, Анадолы жеріндегі тыныштықтың бұзылғанынан іздестіреді. Сондықтан тақырға отыра бастаған отель қожайындары амалсыз олардан сатып құтылуды көздеп отыр.

«Көптеген мейманханалардың иелері кезінде көптеп қарыз алған, бірақ кейін жағдайдың күрт нашарлап кетуіне байланысты төлемдерін қайтара алмайтын болды. Бұған қоса, Ресей Федерациясымен арадағы дағдарыс көптеген өз меншіктерін сатуға мәжбүр етті», – деп атап көрсетті риэлтор Исмаил Озер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1032273-turkiyada-tenhiz-zhaghasynda-ornalasqan/

pixel