Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерасыл Әубәкіровтің досы: Ол ешкімге қарыз емес

Опубликовано:

Астанада қаза болған студенттің досы Диас Жұмаділов Ерасылдың өліміне қандай да бір қарызының болуы себеп дегенге сенбейді деп хабарлайды NUR.KZ порталы BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ерасылдың қандай да бір қарыздары болды деп ойламаймын. Себебі ол интерннің стипендиясын алады, 38 мың теңге. Ол сонымен қатар түрлі банкеттерде, тойларда жүргізуші болып ақша табады. Үш тілді жетік меңгерген. Оны ақшаға мұқтаж болды және қарыз алды деп ойламаймын. Ол үшін қасында біз, достары бар емес пе», - дейді Жұмаділов 10 ақпан күні.

Ол Әубәкіровті іздегенде ешқандай экстрасенске жүгінбегендерін алға тартты. Себебі, дәрігерлер балгерлерге сенбейді. Ал сол арада оларға түрлі көріпкелдер хабарласып, көмектесуге ниет білдірген екен.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада полицейлер жоғалып кеткен медициналық университет студентінің мәйітін тапқаны туралы хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1042540-erasyl-aubakirovtinh-dosy-ol-eshkimge-q/