Аяусыз өлтірілген Ерасыл өмірде қандай адам болған?
Опубликовано:
Астанда із-түссіз жоғалған 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровті жұртшылық бір апта бойы іздеп, кейін аясуыз өлтірілген студенттің мәйітін тапқаны талай адамға ауыр тиді. Дегенмен, Ерасыл қысқа өмірінде жарқын мінезімен, дарындылығымен ел есінде қалып үлгерді.
NUR.KZ порталы әлеуметтік желілерде тараған Ерасылдың Х-Фактор байқауындағы көңілді ән орындауларын назарларыңызға ұсынады.
Ерасылмен бірге "Х-фактор" байқауында өнер көрсеткен Алуа Андинова Ерасылмен 10 жыл бойы дос болып келген екен деп хабарлайды info-tses.kz. "Стиляги" тобында онымен бірге ән салған бойжеткен қаралы хабардан қатты есеңгіреп қалған.
"Ерасылды жақсы білетінмін, оның жауы болған емес. Ол 10 жыл бойы қасымнан табылған ең жақын досым. Болашаққа жоспары көп жарқын жігіт еді. Шоудан кейін түрлі топтарда өнер көрсетіп жүрдік", - дейді Алуа.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде 3 ақпан күні 23 жастағы медициналық университеттің 6-шы курс студенті Ерасыл Әубәкіровтің іздестіріліп жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Жас жігіт үйінен "тірлігім бар" деп шығып кетіп, қайта оралмаған. Ерасыл көп ұзамай өлі күйінде табылды.
Оның мәйітін табуға Әзірбайжан экстрасенсі Кямран Самедов көмектескенін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1043875-zharqyn-minezimen-el-esinde-qalghan-era/