RU

Жезқазғанда тойына бола 20 мың теңге сыйлық алған шенеунік дауға қалды

Жезқазған қалалық соты ақшалай сыйлық алған қалалық әділет басқармасының басшысына айыппұл салу жөнінде қатаң шешім шығарды.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Жергілікті кәсіпкердің бірі қалалық әділет басқармасының басшысына алдағы тойына арнап, 20 мың теңге көлемінде ақша берген. Конверттің ішіне салынған ақшаны алған шенеунік оны үстелдің суырмасына салып, кәсіпкердің шаруасын шешіп беруге уәде еткен.

Қалалық сот экс-басшының іс-әрекетінен заңға қайшылық тауып, 1 миллион 387 мың теңге айыппұл салды және мүлкін тәркілеп, оны өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттету туралы үкім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1047416-zhezqazghanda-toyyna-bolyna-20-mynh-tenhge-s/