Қазақстандық "Икс адамдар": Қостанайлық "магнит әйелдің" жаңа рекордтары
Опубликовано:
"Икс адамдар" фильміндегі Магнето дәрігерінің қасиеттері қостанайлық Надежда Сахарованың қабілетінен қалыс қалып қояды. Өзі қаламаса да, үстіне түрлі заттар тартылатын кейуана NUR.KZ тілшісіне бұл қасиетінің салдарынан өмірі қаншалықты өзгергенін баяндады. "Магнит әйелдің" қоғамдық көліктерде қандай ыңғайсыз жағдайға тап болатынын сіз, тіпті елестетпеген боларсыз?
Надежда Сахарова 71 жаста. 10 жыл бұрын ол өзінен түсініксіз құбылыстарды байқай бастайды. Металл заттар кейуананың үстіне тартылатыны соншалық, оған затты жай қоя салудың өзі қиынға соғады.
Магнит адамдар туралы зейнеткер бұған дейін естігенімен оған айтарлықтай мән бермеген. Алайда жылдар өте Надежда өз қабілеттері туралы БАҚ-қа хабарлайды. Ол өзіне ас құрылғыларынан бастап, ұялы телефондарға дейін жабыстанынын көргенде шошып қалған.
«Бастапқыда денеме қасық секілді кішігірім металл заттар жабысатын. Алайда көп қызықтаған сайын тартылыстың күшейіп бара жатқанын байқадым. Енді, тіпті әйнек, ағаш, қағаз және пластмасса да жабысатынды шығарды», - дейді Надежда Сахарова.
Зейнеткер бұл заттар жабысқанда ешқандай ауырлығын сезінбейтінін айтуда. Кейуана бір кітапты оқып болғанша, екіншісі үстінде жабысып тұра береді. Маңдайына балта жабысып, ал қолына, тіпті үтік те тартылады.
Ал ұялы телефонның жабысуына екі саусағы да жеткілікті.
Заттар қанша уақыт өтсе де жабысып тұра береді. Надежда үстіне көп зат жабыстырған сайын оның қабілеті күшейе түседі.
Зейнеткерге бұл ешқандай ыңғайсыздық тудырмайды екен, тек қоғамдық көлікте күлкілі жағдайға қалып қаламын дейді ол.
«Бізде автобустарда жолақысын жүргізуші қабылдайды. Алдын ала дайындаған тиындарды шығар кезде қолымнан түсіре алмай тұрсам, таңырқап қарайды», - дейді кейуана.
Надежда Сахарова танымал бола бастағанда, оны алаяқ деп айыптағандар да табылған.
Сол үшін кейуана өзінің үстіне жабысқақ ештеңе жағылмағанын дәлелдеп, тілші алдында денесін бірқабат спиртпен сүртіп шықты.
Зейнеткер ешкімге ештеңе дәлелдеуге тырыспағанын, тек өз қабілетінің себептерін біреу түсінідіретініне үміттенгенін алға тартты.
Фото: Дарья Тимина, Зарина Щербаева
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1048290-qazaqstandyq-iks-adamdar-qostanayly/