Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының Бурыл ауылында арнайы әскер қоршауы алынды

Опубликовано:

Жамбыл облысының Бурыл ауылында жағдай қалыпқа түсіп, ауыл сыртына қойылған қоршау алынды деп хабарлады осы ауылда жүрген Азаттық тілшісі.

Ауылға кіріп-шығу еркін, бірақ кіргендерді тексеріп жатыр. Әр көшенің басында полицейлер жүр. Ауыл орталығында да полицейлер мен жол полицейлері жүр.

Азаттық тілшісі халықтың толқуына себеп болған "алты жасар баланы өлтірді" деген күдікті этникалық түрік азаматының үйінің көшіп кеткенін байқады. Үй бос тұр, терезелері сынып, қоршауы қисайған. Үй маңы мен ауласында полицейлер жүр.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында 17 ақпанда кешке қарай жүздеген адам жиналып, осының алдында болған толқу кезінде қамалған азаматтарды босатуды талап еткен. Бурыл тұрғындарының толқуына осы ауылда кішкентай ұл баланың кісі қолынан қаза табуы түрткі болған. Кейін қастандық жасаушы күдіктінің этникалық түрік екені хабарланды. Ауыл халқының басым көпшілігі - қазақтар. 17 ақпанда Бурылды арнайы әскер қоршауға алған еді.

Бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов та Бурылдағы жағдайдың қалыпқа түскенін мәлімдеген. Оның сөзінше, жергілікті билік пен диаспора өкілдері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқық қорғау органдары жағдайды бақылауға алған. Қасымов бұған қоса бүгін күдіктіні қамау мәселесі шешілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1049671-zhambyl-oblysynynh-buryl-auylynda-arna/

pixel