RU

ОҚО-да 6 жастағы жоғалып кеткен бала іздестірілуде

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы ішкі істер басқармасы 2009 жылы 5 тамызда туған, Ордабасы ауданының Амангелді ауылында Серпіліс көшесі, №4 үйде тұратын Мұхаммед Қазыбекұлы Қамшыбекті іздестіруде, деп хабарлады otyrar.kz порталы.

20 ақпанда, шамамен 12 сағат 30 минутта Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептің 1-сынып оқушысы Мұхаммед Қазыбекұлы Қамшыбек мектептегі сабақтан шыққан соң үйіне оралмаған.

Жедел-іздестіру шараларының барысында, 20 ақпанда шамамен 12 сағат 30 минутта мектептен қайтып келе жатқан баланы бұрын ешкімге таныс емес, азиялық ұлтынан, 50-55 жастардағы, бойы 160 см-ға жуық, шашы ашық түсті, толық келген, қара күртеше киген, басында қоңыр түсті тоқымалы малақайы бар белгісіз әйел өзімен ертіп әкеткен.

Мұхаммед Қамшыбектің белгілері мен киімдері, шамамен 6-7 жастар шамасында, ақсары, денесі арықша, ашық-қоңыр күртеше, қара шалбар, қара бәтіңке киген, «өрмекші адамның» суреті салынған көк түсті сөмкесі бар. Мұхаммед Қамшыбек жөнінде қандай да бір ақпарат болса, полицияға, 102 телефонына, сондай-ақ

8-725-302-14-13 (қалалық . тел.),

8-701-716-64-64,

8-705-869-99-99,

8-777-186-22-88 нөмірлеріне хабарлауды өтінеміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1052112-oqo-da-6-zhastaghy-zhoghalyp-ketken-bala-izd/