Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ер адам өз өмірін қатерге тігіп, 3 баланы ажалдан арашалап қалды

Опубликовано:

Атырау облысы Доссор поселкесінің 50 жастағы тұрғыны Қуаныш Берденов өртке оранған үйден 3, 5, және 7 жасар үш бүлдіршінді аман алып шықты деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Қуаныш 8 ақпан күні базарға қарай бет алған еді. Жолда өртеніп жатқан үйді көргенде есі шығып, қатты уайымдады. Оның қарсы алдынан шыққан әжей де сөйлеуге шамасы келмей, ентігіп, барак үй жақты көрсетеді. Сол сәтте ол үйге жақындағанда ішінде шырқырай жылаған балалардың үні естіледі. Бірақ, есік сыртынан құлыптаулы болған.

"Шынымды айтасм, мен алғашында не істерімді білмей сасып қалдым. Пәтер екі бөлмелі екен, бір бөлменің терезесі үлкен болғанымен ішке кіру мүмкін емес болды, лаулаған өрт құшағында қалыпты. Ал дәліз терезесі кішкентай, мен сыятын емеспін, бірақ көп ойланып тұратын уақыт болған жоқ, дәліз терезесін аяғымен бір теуіп сындырып, жан-жағын әйнектен тазартып, қою әрі қап-қара түтінге тұншыққан бүлдіршіндерді бір-бірлеп қолынан тартып, тысқа шығардым", - дейді Қуаныш.

Бүлдіршіндер қауіпсіз жерге шығарылған соң, өрт шатырға лап қойып, электр желілері мен газ құбыры жарылды.

ТЖ қызметкерлері Қуаныштың ерлік көрсеткені үшін алғыс білдірді. Ал балаларын ажалдан аман алып қалған Қуаныш Берденовке ата-аналар алғыстарын жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1059322-atyrauda-er-adam-oz-omirin-qaterge-tig/